"Астана" футболшысы Ресей командасына ауысу туралы қауесетке нүкте қойды
"Астана" командасының жартылай қорғаушысы Валерий Чуперка Ресей премьер-лигасына оралатыны туралы ақпаратты растаған жоқ.
"Астана" командасының жартылай қорғаушысы Валерий Чуперка Ресей премьер-лигасына оралатыны туралы ақпаратты растаған жоқ.
Кеше Meta-ratings.kz порталы 29 жастағы хавбек "Ростов" клубына қайта қосылуға шақ екенін жазған. Бұл командада Чуперка 2017/18 маусымында ойнады.
Ал "РБ Спорт" басылымына берген сұхбатында футболшы бұл ақпаратты жоққа шығарды.
- "Ростовқа" ауысатыныңыз рас па?
- Жоқ, олай емес!
- Ешқандай ұсыныс болмады ма?
- Жоқ, ешқандай ұсыныс болған жоқ!
2017/18 маусымында Чуперка "Ростов" үшін үш матчке қатысты. Ал РПЛ-де жалпы 60 матчте ойнап, төрт гол салған. Кейінгі рет Ресейде "Тамбов" сапында ойнады.
Жарнама