"Астана" Еуропа лигасының үшінші іріктеу кезеңінің бірінші матчінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Астана Аренада" өткен ойында қазақстандық команда болгариялық "Лудогорецті" 2:1 есебімен ұтты.
37-минутта алаң қонақтары сапынан Ноа Сонко-Сундберг есеп ашты. Алайда үш минуттан кейін-ақ Жарко Томашевич есепті теңестірді.
Ал 53-мтинутта Александр Марочкин жеңіс голын салды.
Қарымта матч 18 маусымда Разградта өтеді.