Өткен турда "Қайратқа" есе жіберген "Астана" командасы 17 турда "Тараздан" ұтылды. Нәтижесінде күміс жүлдеге талас қыза түсті.
Елордалық команда екінші орынға көтерілу үшін 3 ұпай еншілеуі керек еді. Алайда ойында аутсайдер саналған "Тараз" жеңіске бастар жолды тапты. Командаға жеңіс сыйлаған жалғыз голды 33 минутта Серж Ньюадзи соқты.
Айта кетейік, "Астананың" бұл ойынға 5 негізгі құрам ойыншысы қатысқан жоқ. Жарақатына байланысты Лука Шимунович, Урош Радакович, Дорин Ротариу, Пиерос Сотириу алаңға шықпаса, Тигран Барсегян сары қағаз алған ескертулеріне байланысты ойынға қатыспады.
Футбол
4 қараша 2020 19:39
"Астана" екінші ойын қатарынан ұтылды

ФК "Астана"©