"Астана" Чемпиондар лигасындағы бірінші ойынды тең аяқтады

"Астана" Чемпиондар лигасының 2023/24 жылғы іріктеу маусымындағы алғашқы ойынын өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Астана" Чемпиондар лигасының 2023/24 жылғы іріктеу маусымындағы алғашқы ойынын өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Астана Аренада" тбилисилік "Динамоға" қарсы өткен кездесу 1:1 есебімен тең аяқталды. 11-минутта "Астана" Абат Айымбетовтың голынан кейін есепті ашты.
Қарсыластар екінші таймда санаулы мүмкіндіктердің бірін жүзеге асыра алды. 57-минутта "Динамоның" жартылай қорғаушысы Габриэль Сигуа өзгеріссіз болған таразы басын теңестіре алды.
Еске салайық, қарымта кездесу Грузияда 19 шілдеде өтеді. Бұл текетірестің жеңімпазы келесі кезеңде Загребтің "Динамосымен" (Хорватия) ойнайды.
Жарнама