Футбол
20 желтоқсан 2019 13:02

"Астана" белоруссиялық жартылай қорғаушымен келісімшартты ұзартты

© SportX.kz
Белоруссиялық жартылай қорғаушы Иван Маевский "Астанамен" келісімшартын ұзартты, - деп хабарлайды KazFootball.kz.


31 жастағы футболшы астаналық командаға 2017 жылы ауысқан еді. "Астана" сапында ол Қазақстанның үш дүркін чемпионы атанып, екі рет ел Суперкубогын иеленген. 

Германияда дүниеге келген Маевский "Астанаға" дейін ресейлік "Анжи", польшалық "Завиша", белоруссиялық "Вертикаль", "Партизан" мен "Минск" сапында ойнады. 2015 жылы Беларуссия құрамасына шақыртылды.