"Астана" мен "Шахтер" арасындағы футболдан Қазақстан чемпионатының бірінші туры кезінде "Астана Аренаның" шатыры үзіліп түсті. Оқиға екінші тайм кезінде болды, деп хабарлайды Vesti.kz.
N2 секторындағы шатырдың бір бөлігі құлаған, абырой болғанда ешкім зардап шекпеді. Күзет қызметі сектордан жанкүйерлерді өзге орынға ауыстырды.
Айта кетейік, "Астана Арена" тәуелсіздік жылдары салынған екі стадионның бірі. Оның құрылысына 200 миллион доллардай кеткен еді.
Сурет: Vesti.kz©️