Лондондық "Арсенал" клубы Францияның "Лионды" ойсырата ұтып, әйелдер арасындағы Чемпиондар лигасының финалына өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.
Жартылай финалдың қарымта кездесуі Лион қаласында өтіп, ойында алаң қонақтары 4:1 есебімен жеңіске жетті. "Арсенал" сапынан Мариона Кальдентей, Алессия Руссо және Кейтлин Форд гол соқты. Сонымен бірге, алаң қожайындарының голкипері Кристиане Эндлер өз қақпасына доп соғып қойды. Франциялықтар үшін жалғыз голды Мельши Дюморне салды.
Бірінші ойын 2:1 есебімен "Лионның" пайдасына аяқталған болатын.
Осылайша, екі кездесудің қорытындысы бойынша "Арсенал" 5:3 есебімен жеңіске жетіп, финалға жолдама алды. Финалда лондондықтар "Барселонамен" кездеседі. Испаниялық команда жартылай финалда лондондық "Челси" клубын ойысарат ұтқан еді (4:1, 4:1).
Әйелдер арасындағы Чемпиондар лигасының финалы 24 мамыр күні Португалияның Лиссабон қаласында өтеді.
Жарнама