Футбол
26 желтоқсан 2019 12:58
 

"Арсенал" хавбегі Месут Өзіл жәрдемдесуге уәде еткен мың баланың екі жүзден астамына ота жасалды

  Пікірлер

blog.share

"Арсенал" хавбегі Месут Өзіл жәрдемдесуге уәде еткен мың баланың екі жүзден астамына ота жасалды © Eurosport

“Арсенал” жартылай қорғаушысы Месут Өзіл әлемдегі отаға мұқтаж балаларға жасаған қайырымдылығы туралы айтты. Бұл туралы 31 жастағы футболшы өзінің Instagram әлеуметтік желісінде хабарлады.

blog.share
“Арсенал” жартылай қорғаушысы Месут Өзіл әлемдегі отаға мұқтаж балаларға жасаған қайырымдылығы туралы айтты. Бұл туралы 31 жастағы футболшы өзінің Instagram әлеуметтік желісінде хабарлады.



"219 балаға ота жасалды. Бірақ, алда әлі атқарылар істер көп. Жұбайым екеуміз шілде айында өткен тойымызда әлемдегі отаға зәру мың баланың шығынына ақша бөлеміз деп келіскенбіз. Қайырымдылық жасаудан шет қалмай ақшаларын аямаған тойдағы қонақтар, жанкүйерлер, бұл жобаға материалдық көмек берген барлық адамдарға және ота жасаған дәрігерлер тобына алғысымды білдіремін. Бұл әлі бастамасы, 2020 жылы да осындай мұқтаж балақайларға көмек қолын созамыз”, - деп жазған Месут Өзіл.

Жарнама

Живи спортом!