Футбол
30 қыркүйек 2021 10:30
 

Аргентина футзалдан ӘЧ-де Бразилияны жарыс жолынан шығарды

  Пікірлер

blog.share

Аргентина футзалдан ӘЧ-де Бразилияны жарыс жолынан шығарды ©Sportbox

Аргентина құрамасы Литвада өтіп жатқан футзалдан әлем чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды Vesti.kz

blog.share

Аргентина құрамасы Литвада өтіп жатқан футзалдан әлем чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды Vesti.kz

1/2 финалда аргентиналықтар Бразилия командасын 2:1 есебімен ұтты. Барлық голдар бірінші таймда салынды. 

Константино Вапораки Аргентинаны 11-минутта алға шығарды. Ал Кристиан Борутто екі минуттан кейін есепті еселеді. Бразилия 17-минутта бір голмен ғана жауап бере алды, допты қарсылас қақпасына дәл бағыттаған Феррао болды.

Еске салайық, Аргентина қазіргі әлем чемпионы. 

30 қыркүйектегі екінші жартылай финалда Қазақстан мен Португалия құрамалары кездеседі.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!