Арабтарды ұта салысымен Мексика құрамасы бас бапкерсіз қалды
Херардо Мартино Катардағы футболдан әлем чемпионатында Сауд Арабиясымен мачтен кейін Мексика командасының бас бапкері қызметінен кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Херардо Мартино Катардағы футболдан әлем чемпионатында Сауд Арабиясымен мачтен кейін Мексика командасының бас бапкері қызметінен кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Мексикалықтар топтық кезеңнің үшінші турында саудиялықтарды ұтты, бірақ плей-офф кезеңге өте алмады.
"Төреші ойын аяқталғанын білдіріп, ысқарған сәтте менің келісімшартым аяқталды, оған ештеңе істей алмайсың.
Бірінші кезекте мен көңілімізді түсірген сол бір оқиға үшін жауаптымын. Бұл бізге көп қайғы әкелді. Бұл сәтсіздік үшін кінәні толықтай өз мойныма аламын", - деп береді Мартиноның сөзін FOX Soccer.
Жарнама