27 жастағы Исламхан ақпаннан бері арабиялық "Аль-Айн" командасында өнер көрсетті. БАӘ клубы үшін жартылай қорғаушы барлық турнирде 10 матчте ойнап, бір гол салды және үш нәтижелі пас берді.
БАӘ чемпионаты коронавирус пандемиясына байланысты тамызға дейін тоқтатылды. Турнирді аяқтау үшін әлі жеті тур өткізу керек, үзіліске дейін "Аль-Айн" көш бастап тұрған "Аль-Ахлиден" алты ұпай кем жинап, екінші болды.
Қазақстанға Исламхан мамыр ортасында келген. Футболшы жаттығулар басталғанға дейін елде болмақ. Дегенмен Бауыржан карьерасын қайда жалғастыратыны белгісіз. Футболшының агенті қазақстандық хавбекке Ресей мен Италияның А сериясынан қызығушылық барын айтқан.
Арабиялық клуб Бауыржан Исламханға бұрынғы келісімшарт аяқталмай жатып жаңасын ұсынды