Футбол
31 қаңтар 2020 16:14

Арабиялық клуб Қазақстан құрамасының капитанына қатысты ресми мәлімдеме жасады

© "Қайрат" ФК
Бүгін, 31 қаңтарда Біріккен Араб Әмірліктерінің "Аль-Айн" клубы Қазақстан құрамасының капитаны Бауыржан Исламханды сапына алғаны жайлы жариялады, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Мұның алдында Vesti.kz қазақстандық футболшы БАЭ-нің 13 дүркін чемпионы сапына өтетіні туралы хабарлаған.

Кеше Исламхан Эль-Айн қаласына келіп, медициналық тексерістен өткенен кейін клубпен бес айға келісімшарт жасасты. 2018 жылы команда клубтық әлем чемпионатының финалында ойнап, мадридтік "Реалдан" ғана ұтылды (1:4).

26 жастағы жартылай қорғаушы арабиялық команданың ең қымбат үш ойыншысының бірі және жергілікті турнирдің ең қымбат ТОП-10 ойыншысы қатарында.

Еске салайық, Исламхан "Қайрат" сапынан еркін агент ретінде кетті, осыдан кейін ресейлік "Зениттің" бақылау ойындарына қатысты. Дегенмен РПЛ командасы мен қазақстандық ойыншы келісімшартқа қол қоймады.