Аңызға айналған италиялық қақпашы Джанлуиджи Буффон карьерасын аяқтады. Бұл туралы белгілі инсайдер Фабрицио Романо твиттер желісінде жазды, деп хабарлайды Vesti.kz.
45 жастағы футболшы карьерасының соңғы жылдарын "Пармада" өткізді. Сонымен бірге, ол "Ювентус" пен ПСЖ сапында да өнер көрсеткен.
Буффон өз карьерасында 29 трофей жеңіп алған екен. Ол Италияның он дүркін чемпионы және 2006 жылы Италия құрамасымен әлем чемпионы атанды.
"Пармамен" келісімшарт тек келесі жылы аяқталады, алайда қақпашы команданың жоғары дивизионға жете алмайтынына көзі жеткендіктен, оны мерзімінен бұрын үзбек. Буффон В сериясында тағы бір жыл жүргісі келмеді. Қақпашыға Сауд Арабиясынан жақсы ұсыныс түскен, бірақ ол бәрінен бас тартты.