Анхель Ди Мария клубтық карьерасына қатысты бір шешімге келді
©championat.com
Аргентина құрамасының жартылай қорғаушысы Анхель Ди Мария "Ювентус" клубынан кеткісі келмейді, деп жазады инсайдер Никола Скира.
Аргентина құрамасының жартылай қорғаушысы Анхель Ди Мария "Ювентус" клубынан кеткісі келмейді, деп жазады инсайдер Никола Скира.
Инсайдердің хабарлауынша, 34 жастағы футболшыға Бразилия, БАӘ және MLS чемпионаттарынан ұсыныстар түскен.
Тартымды ұсыныстарға қарамастан Ди Мария "Ювентусте" қалғысы келеді. Ол 2022 жылдың жазында ПСЖ-дан туриндік командаға ауысқан еді.
Еске салайық, Анхель Ди Мария Аргентина командасының сапында Қатардағы мундиальда әлем чемпионы атанды. Аргентиналық ойыншы спорттық жолында "Росарио Сентраль", "Бенфика", "Реал", "Манчестер Юнайтед" және ПСЖ клубтарында өнер көрсетті.
Жарнама