Футбол
6 мамыр 2021 09:29

Англиялық финал. "Челси" Чемпиондар лигасының шешуші матчінде "Манчестер Ситимен" ойнайды

Сурет: Soccernews.ru

Лондондық "Челси" мадридтік "Реалды" жарыс жолынан шығарып, Чемпиондар лигасының англиялық финалында "Манчестер Ситимен" ойнайды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Лондонда өткен жартылай финалдың қарымта кездесуі 2:0 есебімен аяқталды. 28-ші минутта бірінші голды Тимо Вернер салды, ал 85-ші минутта Кристиан Пулишичтің нәтижелі пасымен Мэйсон Маунт матч нүктесін қойды.

29 мамыр Ыстамбұлдағы "Ататюрк Олимпьят" стадионында өтетін финалда "Челси" мен "Манчестер Сити" ойнайды. 

"Челси" соңғы рет Чемпиондар лигасын 2012 жылы ұтқан, ал "Манчестер Сити" турнир финалында алғаш рет ойнайды.