Осылайша, "Тоттенхэм" бір жылда 1,8-ден 2,6 миллиард фунтқа қымбаттаған. Бұған клуб 2019 жылы Чемпиондар лигасы финалына шығып, кезекті рет Англиядағы ең мықты командалардың төрттігіне кіретіні әсер еткен. Бұл команда еңбекақыға өзге клубтарға қарағанда 150 миллион фунт азырақ жұмсайды екен, ал өткен маусымдағы кірісі 21 пайызға артқан. Клуб еңбекақы төлеуге бюджетінің 39 пайызын жұмсайды, салыстырмалы түрде алсақ, "Лестер" айлық төлеуге кірісінің 84 пайызын жаратады екен.
Бұл тізімде екінші "Манчестер Сити" (2,2 миллиард фунт), үшінші - "Манчестер Юнайтед" (2,1 миллиард фунт). Ал АПЛ-дегі ең арзан клуб "Бормунт" - 99 миллион.