Англия құрамасының бұрынғы шабуылшысы Гари Линекер аргентиналық Лионель Мессиді өзінің көзі көрген ең мықты ойыншы деп есептейді, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Месси - өз көзіммен көру бақыты бұйырған ең ұлы футболшы.
Лео жиырма жыл бойы мені қуантып келді. Ол қарапайым пенденің қолынан келмейтінді жасайды. Оның өнерін тамашалау бір ғанибет. Мен ол ойнайтын әрбір матчті жібермей көремін", - дейді Линекер өзінің подкастында.