Англия құрамасы Уэльсті тас-талқан етті

Англия құрамасы Катарда өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатының плэй-офф кезеңіне өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.
Англия құрамасы Катарда өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатының плэй-офф кезеңіне өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.
В тобының 3-турында ағылшындар Уэльспен кездесті. Ойынның бірінші таймында есеп ашылған жоқ.
Ал екінші таймның басында Англия екі минут ішінде екі гол соқты. 50-минутта Маркус Рэшфорд көзге түссе, 52-минутта Фил Фоден қарсылас қақпасына дәл соққы жасады.
Ал 68-минутта Рэшфорд өзінің екінші, Англияның үшінші голын салды.
Осы жеңістен соң Англия құрамасы 7 ұпай жинап, В тобында бірінші орынмен плэй-офф кезеңіне жолдама алды. Ал Уэльс құрамасы бір ұпаймен соңғы орында.
Жарнама