Польшаның Przegląd Sportowy басылымы "Дженоа" бас бапкері Андрей Шевченко Польша құрамасын жаттықтыруы мүмкін деп жазады.
Польша футбол одағының президенті Цезарий Кулеша поляк командасын Бразилияның "Фламенгосына" алмастырған португалиялық Паулу Соузаның орнына Шевченконы шақыруға ниетті.
Басылымның хабарлауынша, Польшаның футбол одағы Шевченконың "Дженоадағы" келісімшартын сатып алуға дайын.
Еске салайық, Андрей Шевченко өткен жылдың соңында Италияның "Джеонасын" тізгіндеген еді. Әзірге "грифондар" А сериясында 11 ұпаймен 18-орында келеді.
Шевченко бапкер ретінде Украина құрамасын жаттықтырып, көпшілікке танылды. Себебі Еуро-2020 турнирінде шығыс еуропалық ұжым өз тарихында алғаш рет ширек финалға дейін жетті.