Мадридтік "Реалдың" бас бапкері Карло Анчелотти Чемпиондар лиагсы 1/4 финалындағы лондондық "Арсеналдан" ұтылуға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Сараптама жасауға ерте"Бүгін не дұрыс болмады? Бүгін сараптама жасау орынсыз, бұл сәтсіздікті және бізге бағытталып жатқан барлық соққыны көтеруіміз қажет.
Ойыншыларға басты жоғары ұстаңдар дедім, біз бұл турнирде басқа маусымдарда биіктерге жеткенбіз. Биыл ондайға жету мүмкін болмады, спортта мұндай болып тұрады, жеңілмейтін команда жоқ.
Команданың ұмтылысы жайлы айтсақ, ойыншылар қолынан келгеннің бәрін жасады. Қарсыластан әрдайым басым болып отыра алмадық", - деп береді Анчелоттидің сөзін AS.
"Сантьяго Бернабеу" стадионында мадридтіктер 1:2 есебімен ұтылды, ал Лондонда 0:3 есебімен ұтылған еді. Екі турнир қорытындысы бойынша - 1:5, "Реал" турнирден шығып қалды.