"Бұл өте ауыр шешім болды, алайда, COVID-19 пандемиясына байланысты туындаған өзгеше және күтпеген жағдай қаржылық қиындықтарға әкелді. Осының салдарынан академия бағдарламасын болашақта жүргізу мүмкін болмайды", - делінген хабарламада.
US Soccer мәлімдемесінен кейін Футболдың жоғары лигасы (MLS) ресми сайтында жаңа жастар платформасы ашылатынын хабарлады. Мұнда MLS клубтарының және оған кірмейтін, жабылып қалған футболды дамыту академиясының бағдарламасына қатысқан командалар жарысқа түседі.