"Алтын доп" иегері Месси тарихта ең мықты ма деген сұраққа нүкте қойды
Нидерланды құрамасының бұрынғы шабуылшысы Руд Гуллит аргентиналық Лионель Месси туралы ойын айтты, деп хабарлайды Sports.ru.
Нидерланды құрамасының бұрынғы шабуылшысы Руд Гуллит аргентиналық Лионель Месси туралы ойын айтты, деп хабарлайды Sports.ru.
Нақты айтқанда ол 2022 жылғы әлем чемпионатындағы жеңістен кейін Мессиді тарихтағы ең мықты ойыншы деуге бола ма деген сұраққа жауап берді.
Финалда Месси гол салғанда ереже бұзылғаны айтылды
"Жоқ, ол тарихтағы ең мықты ойыншы емес. Меніңше, ол өз уақытындағы ең мықты. Бәрін салыстыра беруге болмайды деп ойлаймын.
Егер сен әлем чемпионатын үш рет ұтсаң (Пеле сияқты), онда иә, бұл өте көп. Алпысыншы және жетпісінші жылдардың бір бөлігі Пеленің уақыты болды. Содан кейін Марадона уақыты келді", - дейді 1987 жылы "Алтын" доп иеленген футболшы.
Жарнама