Қазақстандық футболшы Нұралы Әліптің петербургтік "Зениттегі" болашағы туралы ақпарат тарады. Клуб ойыншыны сатып алып, одан кейін жалға беруі мүмкін, деп хабарлайды ZenitCafe телеграм-арнасы.
Әліпті ресейлік клуб жыл соңына дейін жалға алған еді. Ал жалпы 22 жастағы ойыншы 2023 жылдың соңына дейін алматылық "Қайраттың" еншісінде.
"Удельный саябағынан желтоқсанның алғашқы қарымен бірге Андрей Мостовойдың жанкүйерлері ғана емес, қорғаушы Нұралы Әліптің де жанкүйерлері жоқ болатын сияқты.
Әліптің ойыны командаға айтарлықтар жаңа леп бергенімен, оның қатысуымен алған еуропалық жетістік ретінде тек "Наполиді" асып түскен кезді ғана есептеуге болады. "Зенитте" Әліпке қойылған нақты мақсат жоқ.
Қуанышқа орай, Әліпке қызығушылар бар. "Зенит" сапында қазақтың намысшыл ұлы өз орнын таппады, бірақ орташа, мәскеулік "Динамо" сияқты клубқа жарап қалуы бек мүмкін.
Ресейдегі трансферлік терезе ертең жабылады, бірақ ертеңін ойлайтын клуб қысқа қазірден дайындалып жатыр", - деп жазды дереккөз.
Естеріңізге сала кетейік, Әліп футболды 2008 жылы ақтаулық "Каспийде" бастаған. "Қайрат" сапына 2015 жылы ауысты.