Әліптің бапкері келесі маусымда "Зенитті" жаттықтыра ма?

"Зенит" футбол клубының бас бапкері Сергей Семактың келісімшарты 2022 жылдың 31 мамырында аяқталады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
"Зенит" футбол клубының бас бапкері Сергей Семактың келісімшарты 2022 жылдың 31 мамырында аяқталады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Алайда маусым соңында "Зенит" турнир кестесінде 1-2 орындардың бірін иеленетін болса, тағы бір жылға дейін жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болады. Әзірге Семактың командасы Ресей біріншілігінде көш бастап келеді.
Еске салайық, Санкт-Петербург қаласының басты командасында Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп ойнайды.
Жарнама