Аргентина құрамасы Қатардағы әлем чемпионатының алғашқы матчінде ұтылды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
80 мың жанкүйер сиятын "Лусаил Айконик" стадионында Аргентина мен Сауд Арабиясы құрамалары кездесіп, сары құрлықтың ең үздік командасы жеңіске жетті. Есеп 1:2.
Бірінші таймның 10-минутында Лионель Месси пенальтиден есеп ашса, үзілістен кейін жинақы ойын өрнегін көрсеткен саудиялықтар қорғаныста сауатты болды. Сонымен қоса, 5 минуттың ішінде 2 гол салды. Алдымен 48-минутта Салех Әл-Шехри таразы басын теңестірсе, 53-минутта Сәлем Әл-Давсари жеңіс голының авторы атанды.
Матч соңына дейін оңтүстік америкалықтар 14 соққы жасағанына қарамастан Лионель Скалони шәкірттері мундиальдың алғашқы кездесуінде ұпайсыз қалды.
Осылайша, С тобында Сауд Арбиясы 3 ұпаймен көш бастады. Бұл топта Сауд Арабиясы мен Аргентина командаларынан бөлек, Польша мен Мексика құрамалары бар.