"Боруссия" (Менхенгладбах) шабуылшы Маркус Тюрам әлем чемпионатына қатысу үшін Франция құрамасына шақырту алды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Ол Франция құрамасына 26-футболшы болып қосылды.
Жалпы 25 жастағы Тюрам осы уақытқа дейін ұлттық құрамасы сапында төрт кездесу өткізген. Биыл ол "Боруссия" сапында жалпы 17 кездесу өткізіп, 13 гол соғып, төрт нәтижелі пас берген.
Айта кетейік, ол 1998 жылы Франция құрамасы сапында әлем чемпионы атанған Лилиан Тюрамның ұлы.
Франция құрамасы алдағы әлем біріншілігінің топтық кезеңінде Дания, Аустралия және Тунис құрамаларымен ойнайды.