Футбол
3 ақпан 2022 04:04

Әлем чемпионы "Фенербахче" клубын жаттықтыратын болды

©Getty Images

Германия құрамасының бас бапкері Йоахим Лев "Фенербахче" клубын жаттықтырады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

61 жастағы неміс маманы стамбулдық ұжымның президенті Али Кочпен келіссөздер жүргізген. Келісімшарт бойынша Лев Түркияда 3 жыл жұмыс істеуі тиіс. Ал белгілі жаттықтырушының жылдық табысы бірнеше миллион еуро болуы мүмкін. Осы орайда оның айлығын клуб пен жекелеген демеушілер төлейді.

Еске салайық, Йоахим лев 2006-2021 жылдары Бундестим құрамасын жаттықтырып, 2014 жылы әлем чемпионы атағына қол жеткізді. Левтің Германиядағы бір жылдық табысы 4,6 миллион еуроны құраған болатын.

Әзірге "Фенербахче" ішкі чемпионатта 23 турдан кейін 37 ұпаймен бесінші орынға жайғасқан. Ал көш бастап тұрған "Трабзонспор" командасының еншісінде 54 ұпай бар.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport