Футбол
7 сәуір 09:09

Алаңда шоу жасады. Дастан Сәтпаев "Қайратты" ҚПЛ-де жеңіске жеткізді

©KazFootball.kz

Футболдан Қазақстан чемпионатында алматылық "Қайрат" сырт алаңда Дастан Сәтпаевтың арқасында "Атырауды" ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz

Дубль авторы атанды

51-минутта алматылықтардың 16 жастағы шабуылшысы Офри Арадтың пасынан кейін есеп ашты. Үш минуттан кейін Дастан сол аяғымен тепкен дәл соққысы арқасында дубль жасады. 

56-минутта "Атырау" Цветелин Чунчуковтың күшімен бір гол сала алды.

Алайда, "Қайрат" қарсыласына ары қарай есебін еселеуге жол бермеді. 70-минутта Сәтпаев допты Юг Станоевқа бос тұрған қақпаға шығарып берді, есеп 3:1. 

Ал 80-минутта португалиялық Жоржиньо алматылықтар пайдасына матчтегі соңғы голды салды - 4:1. 


"Қайрат" төрт матчтен кейін премьер-лигада 10 ұпай жинап, "Астанамен" бірге турнир кестесінің көш басында тұр.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport