"Әл-Насрдың" жартылай қорғаушысы Джалолиддин Машарипов 7-нөмірлі футболканы клубқа жаңа келген әйгілі Криштиану Роналдуға бергісі келмегені туралы ақпаратқа қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Sports.uz.
Мұның алдында әлемдік БАҚ осындай ақпарат таратқан болатын: Роналдуға нөмірін бермей қойған өзбек футболшы бәлеге қалды
"Бұл ақпарат (7-нөмірді Роналдуға бергім келмегені жайлы) шындыққа жанаспайды. Менің әлеуметтік желіде жазғаным қалжың болатын. Мені жақсы танитындар мұны бірден түсінді. Ары қарайғы жоспарым? "Әл-Насрда" қалып, Роналдудан көп дүние үйрену. Ол қазіргі заманның ең мықты ойыншыларының бірі. Криштианудан үйренер дүние көп", - дейді Машарипов.