"Ақтөбенің" "вундеркинді" алаңға қайта оралды
"Ақтөбе" шабуылшысы Максим Самородов жарақатынан айығып, Премьер-лиганың үшінші тур ойынына дайындалуда, деп жазады клубтың баспасөз қызметі.
"Ақтөбе" шабуылшысы Максим Самородов жарақатынан айығып, Премьер-лиганың үшінші тур ойынына дайындалуда, деп жазады клубтың баспасөз қызметі.
"Кім келгенін қараңыздар! Максим Самородов "Астана" мен "Ақтөбе" матчына дайындалып жатыр", - делінген клубтың instagram парақшасында.
6 наурызда "Ақтөбе" бас бапкері Владимир Муханов Самородовтың жарақаты барын және жақын арада ота жасау керектігі жайлы айтқан еді. Биылғы маусымда футболшы ҚПЛ ойындарында алаңға шықпады.
"Астана" мен "Ақтөбе" кездесуі 17 наурызға жоспарланған. Турнир кестесінде үш ұпайы бар батысқазақстандық ұжым жетінші орында тұрса, "Астана" әзірге ұпай алмады.
Жарнама