"Ақтөбе" командасының жартылай қорғаушысы Бауыржан Байтана 2022 жылғы маусымда Қазақстан премьер лигасында ойнай алмайтын болды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
"Тұран" командасымен өткен кездесудің 42-минутында Байтана қақпашы Ержан Токотаевқа қарсы ереже бұзып, қызыл қағаз алған еді.
Бүгін Тәртіпті бақылау комитеті жартылай қорғаушыны екі ойынға шеттеткенін хабарлады.
Енді Байтана "Ордабасы" мен "Қайратқа" қарсы кездесуге қатыспайды.