"Ақтөбе" клубының бұрынғы футболшысы Александр Савченко 45 жасында көз жұмды, деп хабарлайды KazFootball.kz.
Вакцина алғаннан кейін біраз уақыт өте Савченко инсульт алғаны, одан кейін комаға түскені хабарланып отыр. Инсультқа коронавирус та себеп болуы да мүмкін.
Савченко ақтөбелік футбол мектебінің түлегі, ол "Ақтөбе" сапында 1993 мен 2002 жылдар аралығы ойнаған. Сонымен қоса, жергілікті "Ферро", оралдық "Нарын" және хромтаулық "Горняк" командаларында өнер көрсетті. Сонымен қоса, орынборлық "Газовик" намысын да қорғаған.
Премьер-лигада ол жалпы 164 матчқа қатысып, үш гол салған.