"Ақтөбе" Владимир Мухановты қызметінен босатты
©"Ақтөбе" ФК
"Ақтөбе" клубының бас бапкері Владимир Муханов сегізінші турда "Таразбен" өткен матчтан кейін қызметінен қуылды, деп жазады Vesti.kz тілшісі. Бұл туралы клубтың ресми инстаграм парақшасында хабарланды.

Чемпионаттағы соңғы кездесуде батыс қазақстандықтар қақпасына үш гол өткізді.
Еске салайық, сегізінші турда "Ақтөбе" Нұркен Мәзбаев жаттықтыратын "Таразға" 3:0 есебімен ұтылды.
Аталмыш жеңісінен кейін "Тараз" 14 ұпаймен үшінші орынға дейін көтерілсе, "Ақтөбе" 11 ұпаймен сегізінші орынға жайғасты.
Жарнама