Ресейлік қақпашы Мирослав Лобанцев "Ақтөбемен" келісімге келді, деп хабарлайды Vesti.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Лобанцев "Локомотив" футбол мектебінің түлегі. 27 жастағы голкипер "Крылья Советов" (Самара) және "Ротор" (Волгоград) сияқты командаларда өнер көрсеткен.
2020 жылдан бастап ол "Қызыл-Жар" бағанасын күзетіп, содан бері барлық турнирде петропавлдықтар үшін 79 матчке қатысыпты.