"Ақтөбе" командасы мен қорғаушы Рүстем Темірхан арадағы келісімшартты үзді. Бұл туралы футбол клубының баспасөз қызметі хабарлады.
25 жастағы Рүстем ақтөбелік футбол мектебінің түлегі. 2018 жылдан бастап негізгі командада ойнады. 2019 жылы 29 қыркүйекте командасы үшін бірінші голын салды.
2022 жылғы ҚПЛ-де тек бір матчте ойнады, алайда ел Кубогінде төрт және жастар құрамасы үшін бір кездесу өткізді.