"Ақтөбе" өз алаңында кезекті рет жеңіске жетті
Қазақстан чемпионатының жетінші турында "Ақтөбе" өз алаңында "Мақтааралды" қабылдап жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. "Ақтөбе" осыған дейін өз алаңында "Атырауды" (2:1) ұтқан еді.
Қазақстан чемпионатының жетінші турында "Ақтөбе" өз алаңында "Мақтааралды" қабылдап жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. "Ақтөбе" осыған дейін өз алаңында "Атырауды" (2:1) ұтқан еді.
Бірінші таймда есеп ашылмаса, үзілістен кейін Владимир Муханов ойыншылары шабуылда белсенді болды. Кездесудің 67-минутында Дмитрий Шомконың пасын дәл қабылдаған Никита Маляров есеп ашты. Бұл ресейлік жартылай қорғаушының осы маусымда өткізген алтыншы кездесуіндегі алғашқы голы болды. Оңтүстік қазақстандық ұжым матч соңына дейін таразы басын теңестіруге талпынып көргенімен, құрама голкипері Стас Покатилов қақпасының саңылауын таба алмады. Қорытынды есеп 1:0.
Енді сегізінші турда "Ақтөбе" қонақта "Таразбен" кездессе, "Мақтаарал" Петропавл қаласында "Қызыл-Жармен" кездеседі.
Жарнама