Футбол
19 маусым 14:37

"Ақтөбе" Конференция лигасында кіммен ойнайтыны анықталды

©instagram.com/fcaktobe_official/

Футболдан Конференция лигасының жеребесі тартылды. Бірінші іріктеу кезеңде "Ақтөбе" Босния және Герцеговина елінің "Сараево" командасымен ойнайтын болды. 

Бірінші ойынды өз алаңында өткізеді, қарымта кездесу түзде өтеді. Алғашқы матч 11 шілдеде болса, қарымта ойын 18 шілдеге жоспарланған.

Айта кетейік, осыған дейін "Ордабасы" мен "Тобылдың" еурокубоктағы қарсыласы анықталған еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport