"Ақжайықтың" бас бапкері орнынан кетті
"Ақжайықтың" бас бапкері Владимир Мазяр оралдық клубтан кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz. Себеп Қазақстан чемпионатының 16-турында "Қайраттан" ұтылу болып отыр.
"Ақжайықтың" бас бапкері Владимир Мазяр оралдық клубтан кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz. Себеп Қазақстан чемпионатының 16-турында "Қайраттан" ұтылу болып отыр.
"Осы матчтен кейін "Ақжайықтан" кеткелі отырмын. Еркек және бапкер ретінде кету керегімді түсінемін. Команда мен қала үшін осы дұрыс болар. Біз барымызды салдық. Менің жұмысымда керіден гөрі, оң нәтиже көбірек болды деп ойлаймын.
Футболшылармен сөйлестім де, олармен тіл табыса алмайтынымды түсіндім. Қазақстанға рахмет!
Командада легионер неге көп? "Қайратта" ше? "Тобылда" да сондай емес пе? Менде Шушеначев деңгейіндегі қазақстандықтар жоқ", - дейді украиналық маман.
Еске салайық, кеше Алматыда өткен ойында "Ақжайық" 0:2 есебімен "Қайраттан" ұтылды. 14 матчте оралдық клуб 12 ұпай жинады.
Жарнама