Африка ұлттары кубогінің Е тобындағы Кот-д'Ивуар және Сьерра-Леоне арасындағы екінші тур матчі 2:2 есебімен аяқталды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бұл ойында есте қалатын оқиға ивуарлықтардың қақпашысы Бадр Али Сангардың 90+3-минуттағы өрескел қателігі болды. Оның салдарынан команда жеңісті уысынан жіберіп алды.
Кот-д'Ивуар топтық кезеңге бір ғана тур қалғанда төрт ұпай жинап квартетте бірінші орында. Сьерра-Леоне екі баллмен үшінші келеді.