"Әл-Наср" командасының шабуылшысы Криштиану Роналду азиядық Чемпиондар лигасындағы "Персеполиске" (Иран) қарсы ойында төреші қателігін түзетіп, жанкүйерлер қошеметіне бөленді.
Ойынның 2-минутында-ақ қонақтар қақпасына бас төреші пенальти белгіледі. Айып алаңы ішіндегі қарбаласта португалдық футболшы жығылып қалған еді. Алайда Роналду ереже бұзылмағанын айтып, төрешіге VAR қарауын сұрады. Қайталауды көргеннен кейін төреші өз шешімін өзгертіп, пенальти болмайтынын айтты.
"Е" тобындағы бұл ойын 0:0 есебімен аяқталды. "Әл-Наср" 13 ұпаймен топта бірінші орын алып, 1/8 финалға жолдаманы иеленді.