Футболдан Қазақстан құрамасының бұрырғы бас бапкері Магомед Адиев өзінен кейін келген Станислав Черчесовтің қызметінен кеткеніне қатысты пікір білдірді.
Еске салайық, 27 қаңтарда Қазақстанның футбол федерациясы екі жақты келісім бойынша Черчесовпен келісімшартты бұзғанын хабарлады.
"Черечесовтің қолынан не келмегенін, шын айтамын білмеймін. Құрама ойындарын жанкүйер ретінде тамашалағанмын, оның не істегенін көруге тырыспадым. Бас бапкер сол, баға беретін де сол. Нәтиже көрсете алмады ма, бұл бәріне анық көрінеді.
Журналистермсен дау? Түрлі жағдай болады, кейін олар тіл табысатын. Бұл жағдайда бәрі жиналып қалған шығар. Бірақ бізді бапкерлереді нәтижеге қатысты бағалайтыны белгілі ғой. Егер нәтиже болса, қалғанының бәрі жылы жабылады", - дейді Адиев ODDS.ru басылымына берген сұхбатында.