Катардағы футболдан әлем чемпионатында 1/8 финалға өткен тағы екі жұп команда анықталды, деп хабарлайды Vesti.kz.
C тобында бірінші болған Франция D квартетінен екінші орынмен шыққан Польшамен ойнайды. Ал D тобында бірінші орындағы Аргентина 1/8 финалда C квартетінде екінші орындағы Аустарлиямен матч өткізеді.
Мұның алдында плей-офф кезеңге өткен алғашқы жұптар анықталған: Нидерланды (A1) - АҚШ (B2) және Англия (B1) - Сенегал (A2).
Сонымен қоса, аталған командалардан бөлек Бразилия мен Португалия плей-офф раундына мерзімінен бұрын өткен.
Осылайша, 3 желтоқсанда аяқталатын топтық кезеңде сегіз ойын қалды, оның қорытындысы бойынша келесі раундқа өтетін алты қатысушы анықталуы керек.