ӘЧ-2022: ширек финалға шыққан алғашқы құрама белгілі болды

Нидерланды құрамасы Катардағы әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Нидерланды құрамасы Катардағы әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
1/8 финалдың алғашқы матчінде Нидерланды мен АҚШ құрамалары кездесті. Еуропалық ұжым ойынның бірінші таймында екі гол соға алды. 10-минутта Мемфис Депай көзге түсті. Ал командалар үзіліске кетер сәтте Дэйли Блинд есепті еселеді. Екі сәтте де Дензел Дюмфрис нәтижелі пас авторы атанды.
Кездесудің 76-минутында Хаджи Райт есеп айырмасын қысқарта алды. Дегенмен, ойын нүктесін нидерландтықтар қойды. 81-минутта Дюмфристің өзі қанжығасын майлады - 3:1.
Осылайша, Нидерланды құрамасы әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алды.
Жарнама