Футбол
7 маусым 2022 04:04

ӘЧ-2018 финалистері тең түсті

©flashscore

Соңғы әлем чемпионатының жеңімпазы Франция мен сол турнирдің финалисі Хорватия тең түсті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

УЕФА Ұлттар Лигасының А дивизионы аясындағы матчта жеңімпаз анықталмады. Балқан түбегіндегі кездесуде алдымен Парижден келген ойыншылар есеп ашты. 52-минутта "Ювентус" жартылай қорғаушысы Адриен Раббьо Виссам Бен Йеддердің пасын голға айналдырды. Кездесудің 83-минутында Андрей Крамаричке қарсы тәртіп бұзылып, төреші пенальти белгіледі. Нәтижесінде 11 метрлік айып добын орындауда мүлт кетпеген Крамарич таразы басын теңестірді. Қорытынды есеп 1:1.

Еске салайық, 2018 жылы Ресейдегі әлем чемпионатының финалында Франция мен Хорватия құрамалары кездесіп, Дидье Дешам шәкірттері өз тарихында екінші рет әлем чемпионы атанған еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport