Футболдан Қазақстан құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетов түркиялық "Адана Демирспор" клубының сапынан кетуі ықтимал.
Футболшы карьерасын Өзбекстан чемпионатында жалғастыруы мүмкін.Championat.Asia мәліметінше, ташкенттік "Бунедкор" Айымбетовті қысқы трансферлік кезеңде қатарына қосуға ниетті.
29 жастағы форвард Түркия суперлигасының биылғы маусымындағы 12 матчте үш гол салды.