92-минуттағы гол. "Манчестер Сити" матчі драммамен бітті

"Манчестер Сити" футболдан Англия премер-лигасының матчінде "Брентфордты" ұта алмады.
"Манчестер Сити" футболдан Англия премер-лигасының матчінде "Брентфордты" ұта алмады.
21-тур ойыны Брентфорд қаласындағы "Брентфорд Коммьюнити" стадионында өтіп, 2:2 есебімен аяқталды.
Қонақтар екінші таймда 2:0 есебімен басымдықта болған еді, екі голды да Фил Фоден 66 және78-минутта салды. Алайда алаң қожайындары ес жиып, есепті теңестіре алды. Гол авторлары Йоан Висса (82) және Кристиан Нергор (90+2).
FULL-TIME | A draw at Brentford ?
— Manchester City (@ManCity) January 14, 2025
? 2-2 ? #ManCity | @okx pic.twitter.com/jhZ1eH6ieZ
"Манчестер Сити" 35 ұпаймен турнир кестесінде алтыншы келеді, "Брентфорд" (28) оныншы орында.
Жарнама