Футбол
14 қаңтар 09:57

22 жастағы қазақ футболшыға еуропалық клубтар көз тігіп отыр

©ҚФФ

Футболдан Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Ғалымжан Кенжебек қысқы трансферлік кезеңде дәрежесі жоғарырақ клубқа ауысуы мүмскін. 

22 жастағы вингерге еуропалық екі клуб қызығушылық білдіріп отыр: біреуі испаниялық Сегундадан (екінші дивизион), екіншісі Словакия чемпионатының жоғары дивизионындағы команда. 

Қазіргі таңда тараптар келіссөз жүргізіп жатыр. Футболшының өзі Испанияға барғысы келеді, алайда, Словакиядан ұсыныс нақтырақ болып тұр. 

Еуропадағы карьера

Қазіргі таңда қазақ футболшы Кипрдің екінші дивизионындағы "Акритас" клубында ойнайды. Биылғы маусымның 13 матчінде Ғалымжан бес гол салыпты. 

Футболшы "Қайраттың" түлегі, алматылық клубтан ол 2024 жылы тамызда кеткен боалтын. Сонымен қатар, Қазақстанда ол "Жеңіс" пен "Мақтааралда" ойнады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport