Футбол
26 тамыз 2020 12:11
 
21 айға сотталды. Футбол тарихындағы ең қымбат қорғаушы полицейді жарақаттаған

  Пікірлер

blog.share

21 айға сотталды. Футбол тарихындағы ең қымбат қорғаушы полицейді жарақаттаған Сурет: Football24.ru

"Манчестер Юнайтед" капитаны Харри Магуайрды шартты түрде 21 айға сотталды. Футболшы шабуыл жасау, полицияға қарсылық  және пара беруге тырысу бойынша айыпталды, - деп хабарлайды Eurosport.

Оқиға футболшы демалуға барған Грекияның Миконос аралында болған. Магуайр бір топ британиялықтармен шекісіп қалған. Олар футболшының ар-намысына тиіп, қарындасының қолын белгісіз затпен тіліп жіберген. Бұл Харридің ашуын тудырып, ол қарсыластарына тап берген. 

Магуайрдың сөзінше, футболшы ауруханаға жету үшін көлік шақыртқан, алайда, оларды микроавтобустан бес-алты адам алып шығып, полицияға апармақ болған. Харри, інісі және досымен оларға қарсылық көрсеткен. Оның үстіне қолына кісен салынған күйінде полицейді жарақаттаған. 

Ал өзге тарап "МЮ" футболшысы табысымен мақтанып, полицияға пара бермек болғанын айтады.

Бұл дауға байланысты Англия құрамасының бас бапкері Гарет Саутгейт қорғаушы позициясындағы ойыншыны Исландия мен Данияға қарсы ойыннан алып тастады.

Футболшы үкімге қатысты шағым бермек.

Жарнама

Живи спортом!