"Челси" бас бапкері Томас Тухель 2021 жылдың ең үздік бапкері атанды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Аталмыш атақты ол Халықаралық Футбол Федерациясының (ФИФА) шешімі бойынша алып отыр. Марапаттау рәсімі Швейцарияның Цюрих қаласында ФИФА-ның штаб-пәтерінде онлайн форматында өтті.
Неміс маманы лондондықтарды 2021 жылдың қаңтар айынан жаттықтыра бастап, көктемде жаңа командасымен Чемпиондар Лигасын ұтты. Үміткерлердің арасында "Манчестер Сити" бапкері Хосеп Гвардиола мен Италия құрамасының бас дирижеры Роберто Манчини болды.
Еске салайық, Манчестер Сити өткен жылы Англия чемпионы атанса, Италия құрамасы Еуропа чемпионы атағын жеңіп алды.