Футбол
10 наурыз 2021 12:21

20 жастағы Эрлинг Холанд Чемпиондар лигасының рекордын жасады

Сурет: Instagram.com/erling.haaland

Дортмундтық "Боруссия" шабуылшысы Эрлинг Холанд турнир аясында 20 голды ең жылдам салған футболшы ретінде Чемпиондар лигасының рекордын орнатты,- деп хабарлайды Р-Спорт.

Холанд испаниялық "Севильяға" қарсы (2:2) 1/8 финалда дубль жасап, ЧЛ-дағы 20-шы голын соқты. Бұл матч 20 жастағы норвегиялық үшін басты еурокубоктағы 14-ші ойын. 

Мұның алдындағы жетістік "Тоттенхэм" форварды Харри Кейн есебінде, ол 24 матчта 20 гол салған еді.

Ал "Ювентустың" бұрынғы капитаны Алессандро дель Пьеро бұл көрсеткішке 26 матчте жеткен, голландиялық Руд ван Нистелрой - 27 ойында, ал "Беневенто" командасының қазіргі бапкері Филиппо Индзаги - 28 матчте.